Қазақстанда жазғы маусымда қосымша пойыздар шығарылады

Күні: 12:52, 13-06-2019.

Астана. 13 маусым. ҚазТАГ – Қазақстанда жазғы маусымда қосымша пойыздар шығарылады, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен.
«Елімізде жазғы маусымға байланысты қосымша пойыздар шығарылады. № 201/210 «Алматы -Түркістан» бағыты бойынша. Аптасына екі рет. 13 маусымнан бастап тамыздың 30-на дейін жүреді. № 207/208 «Алматы - Шымкент» бағыты бойынша. Аптасына екі рет. 13 маусымнан бастап тамыздың 30-на дейін жүреді. № 205/206 «Маңғыстау-Бейнеу» бағыты бойынша. Күн ара. 10 маусымнан бастап 30 тамызға дейін қатынайды», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Сондай-ақ хабарланғандай, 30 маусымнан бастап 30 тамызға дейінгі аралықта «Нұр-Сұлтан - Достық» бағытында жүретін қосымша пойыз іске қосылады деп күтілуде.
Жолаушыларға алдын-ала сапарларын жоспарлау және уақытынан бұрын жол билеттерін  сатып алу ұсынылды.


Жаңалықтармен бөлісу: