Қазақстанда жалақысы төмен дәрігерлердің еңбекақысын көтеруге Т27,1 млрд бөлінген

Астана. 15 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстанда жалақысы төмен дәрігерлердің еңбекақысын көтеруге 2019 жылы Т27,1 млрд бөлінген, деп хабарлады денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
«Мемлекет басшысының учаскелік медқызметкерлердің жалақысын көтеру туралы тапсырмасын жүзеге асыру аясында денсаулық министрлігінің медмекемелердің жалақысы төмен қызметкерлерінің еңбекақысын 20% көтеру туралы бұйрығы бекітілді. Алғашқы медико-санитарлық көмек (АМСК) көрсететін қызметкерлердің жалақысын көтеруге 2019 жылы 5,3 миллиард теңге бөлінген, ал жалақысы төмен медқызметкерлердің еңбекақысын көтеруге 27,1 миллиард теңге бөлінді», - деді Е. Біртанов жұмадағы ведомство алқасының отырысында.
Оның айтуынша, 2018 жылдың аяғында денсаулық министрлігі «барлық меморгандармен нақты талдау» жүргізді.
«Біз кімнің қолына қанша алатыны, жалпы есептелетіні қанша екені туралы ақпар жинадық, және содан көріп отырғанымыз жалпы дәрігерлердің орташа жалақысы 2018 жылы 142 мың теңгені құраған. Жыл сайын дәрігерлер бойынша да, медбикелер бойынша да аздаған динамика (өсім) байқалуда», - деп мәлім етті Е. Біртанов.
Ең аз жалақы бүгінгі таңда, оның айтуынша, АМСК дәрігерлерінікі, бұл ретте емхана басшылары мен экономикалық блок басшылығының жалақысы дәрігерлердікінен жоғары.

adimage