Қазақстанда жалған айғақтар берген куәгер бірнеше жылға сотталып кетті

Астана. 20 желтоқсан. ҚазТАГ- Қазақстанда жалған айғақтар берген куәгер бірнеше жылға сотталып кетті, деп хабарлады бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі.

«Сот сотталушының кінәсін мойындау мен өкінуін ескеріп, 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады»,- делінген хабарламада.

ШҚО бойынша Көліктік бақылау инспекциясының басшылығына қатысты сыбайлас жемқорлық туралы іс бойынша сот процесі барысында куәлардың бірімен жалған айғақтар беру жағдайы анықталды.

Арнайы прокурорлар жүргізген тергеп-тексеру сот төрелігіне қарсы әрекет ету дерегін растады.

Фото көзі: Freepik


adimage