Астана.8ақпан.ҚазТАГ- Қазақстанда жүргізуші куәлігін 60 мың адам заңсыз жолмен алу ісі тіркелді, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
«2020 жылдан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізуші куәліктерін заңсыз беруге және шетелдік автомобильдерді есепке қоюға байланысты 18 қылмыстық істі тергеді. Бұл істер бойынша жүргізуші куәлігін беру кезінде 60 мыңға жуық заңсыз іс-әрекет жасалды, ал заңсыз әкелінген 2 мыңнан астам автокөлік есепке қойылды»,- делінген хабарламада.
Қылмыстар Астана, Шымкент қалаларында, Ақмола, Қостанай және Жамбыл облыстарында жасалды. 13 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
«Елордада көзделген алымдар мен төлемдерді төлемей, шетелден әкелінген автокөліктерді тіркеу есебіне заңсыз қоюмен айналысатын Арнайы ХҚКО қызметкерлері мен азаматтық тұлғалардан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды», – деп мәлімдеді «антикорда».
Қылмыстық топ азаматтарды шетелдік автокөліктерді есепке қоюдың заңдылығына қатысты алдау жолымен, олардың ақшаларын ұрлап, 500-ге жуық көлік құралын заңсыз тіркеуді жүзеге асырды.
«Бір көлік құралын ресімдеу автокөлік жүргізушілеріне 400 мыңнан 1,6 млн теңгеге дейін шығын келтірді. Аталған адамдардың қылмыстық іс-әрекетінің нәтижесінде мемлекетке төленбеген мемлекеттік баждар мен алымдар түрінде шамамен 1 млрд.теңге сомасына залал келтірілді»,- деп хабарлады мамандар.