Қазақстанда жұма күні тұрақсыз ауа райы сипаты күтіледі

Астана. 12 тамыз. ҚазТАГ –Қазақстанда жұма күні тұрақсыз ауа райы сипаты күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады, жаңбыр жауады, солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады. Найзағай, екпінді жел тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, оңтүстігінде дауыл тұрады. тек еліміздің батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде тұман түседі. Облыстың оңтүстік-батысында-шваңды дауыл тұрады», - делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Күн күркірейді. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан түнде 3-8, күндіз 9-14 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +13+15, күндіз +26+28.
Алматыда құбылмалы бұлтты, түнде және ертеңгісін жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан 2-7 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 12 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +17+19, күндіз +28+30.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +16+18, күндіз +31+33.
Павлодар облысында оңтүстігінде нөсер жаңбыр күтіледі. Күндіз +22+27, түнде +12+17.
Шығыс Қазақстан облысында солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр күтіледі. Күндіз +21+26 (оңтүстігінде +30), түнде +10+15 (оңтүстігінде +19).
Абай облысында солтүстігінде нөсер жаңбыр күтіледі. Бесқарағай ауданында төтенше өрт қаупі күтіледі. Күндіз +21+26 (оңтүстігінде +30), түнде +10+15 (оңтүстігінде +18).
Атырау облысында күндіз аптап ыстық күтіледі. Күндіз +34+39, түнде +19+24.
Батыс Қазақстан облысында күндіз қатты ыстық болады. Күндіз +17+22 (оңтүстігінде +25).
Ақтөбе облысында батысында аптап ыстық күтіледі. Күндіз +31+36, түнде +12+17 (оңтүстігінде +22).
Қызылорда облысында басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +31+36, түнде +17+22.
Түркістан облысында оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Күндіз +30+35, түнде +16+21.
Ақмола облысында күндіз кей жерлерде найзағай, түнде кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +23+28, түнде +12+17.
Алматы облысында оңтүстігіндегі тауларда күн күркірейді. Күндіз +26+31, түнде +14+19.
Жетісу облысында оңтүстігінде тауларда күн күркірейді. Күндіз +27+32, түнде +13+18.
Маңғыстау облысында күндіз оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Күндіз +32+37, түнде +23+28 (солтүстік-шығысында +20).
Қостанай облысында солтүстігі мен шығысында күн күркірейді. Күндіз +23+28 (оңтүстігінде +31), түнде +10+15 (оңтүстігінде +18).
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде жауын-шашынды. Күндіз +20+25 (оңтүстік-шығысында +28), түнде +12+17.
Ұлытау облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +25+30, түнде +12+17.
Жамбыл облысында таулы аудандарында күн күркірейді. Күндіз +28+33, түнде +15+20.
"Алдағы тәулікте еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысындағы, шығысындағы жекелеген тау өзендерінде су деңгейінің құбылуы байқалады, жекелеген таулы өзендерде жауын-шашынның болжануына байланысты су деңгейінің көтерілуі мүмкін", - деп ескертті синоптиктер.

adimage