Қазақстанда қыркүйекте сақтандырушылардың таза сыйақылары 15%-ға өсті

Күні: 11:49, 23-10-2020.

Aстана. 23 қазан. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. Қазақстанда қыркүйекте сақтандырушылардың таза сыйақылары 15%-ға өсті, деп хабарлады Ұлттық банк.
«2020 ыжлдың қыркүйегінде сақтандырушылар атпқан сыйақылардың таза сомасы 2020 жылдың тамызымен салыстырғанда 15%-ға өсіп, Т289 млрд. дейін жетті», - делінген Ұлттық банктің ресми сайтындағы есепте.
Міндетті сақтандыруда сақтандырушылар тапқан сыйақылардың таза сомасы 1 қыркүйекте 13%-ға өсіп, Т78 млрд. дейін жетті, ерікті жеке сақтандыруда - 17%, Т130 млрд. дейін өсті, ерікті мүліктік сақтандыруда – 14%, Т81 млрд. дейін өсті.
Міндетті сақтандыруда көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру бойынша сақтандырушылар тапқан сыйақылардың таза сомасы барынша жоғары болып отыр – Т47 млрд, ерікті жеке сақтандыруда – өмірді сақтандыру бойынша - Т59 млрд, ерікті мүліктік сақтандыру – мүлікті зақымданудан сақтандыруда – Т44 млрд.


Жаңалықтармен бөлісу: