Қазақстандағы "қызыл" аймақта облыстардың саны артты

    Астана. 14 қаңтар. ҚазТАГ-Қазақстан өңірлерінде коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайдың матрицасы жаңартылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
   Дүйсенбіде ұсынылған аймақтардағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес қатаң шектеу шараларын енгізуді көздейтін "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстары бар.
   Қолданыстағы карантиндік шараларды сақтау және олардың сақталуын бақылауды күшейту көзделген "сары" аймақта Алматы, Жамбыл, Қостанай облыстары бар.
   Жағдай тұрақты деп бағаланатын, шектеу шараларын жеңілдету мүмкіндігі бар "жасыл" аймақта Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары орналасқан.


adimage