Қазақстандағы екі жаңа министрлікті кім басқарады

Астана. 17 маусым. ҚазТАГ - Қазақстандағы екі жаңа министрлікті кім басқарады, бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.
«Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі болып тағайындалсын. Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалсын», - делінген дүйсенбіде Ақорда сайтында жарияланған президент жарлығында.
Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанда екі жаңа минстрлік (сауда және интеграция министрлігі, экология, геология және табиғи ресурстар министрілігі) құрылды.
Сонымен қатар мәжіліс Бақыт Сұлтановты сауда және интеграция министрі, ал Мағзұм Мырзағалиевті экология, геология және табиғи ресурстар министрі қызметіне тағайындауды қолдаған еді.
Еске салсақ, 2018 жылдың қыркүйегінен бастап Бақыт Сұлтанов Нұр-Сұлтан әкімі болып тағайындалған, 2019 жылдың маусымында бұл қызметтен босатылған. Оны бұл қызметте Алтай Көлгінов алмастырды. Ол 2016 жылдың наурызынан бері Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарған еді.
Мағзұм Мырзағалиев 2014 жылдан бері энергетика вице-министрі болған.

adimage