Қазақстандағы еңбек мигранттары арасында Қытай, Үндістан және Түркия азаматтары көш бастап тұр

Астана. 29 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстандағы еңбек мигранттары арасында Қытай, Үндістан және Түркия азаматтары көш бастап тұр, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 3 576 адам, Үндістан – 1 740 адам, Түркия – 1 701 адам, Өзбекстан – 1 535 адам, Ұлыбритания – 1 127 адам», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Бұған дейін ҚазТАГ хабарлағандай, 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанда 15,5 мың шетелдік жұмыс жасап жатыр екен.

adimage