Қазақстандағы ақылы жолдарда дифференциалды тариф енгізіледі

Астана. 18 маусым. ҚазТАГ – Қазақстандағы ақылы жолдарда дифференциалды тариф енгізіледі, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен.
«2019 жылғы 19 маусымнан бастап барлық ақылы жолдарда ҚР Инвестициялар және даму министрінің 24.12.18 ж. №902,903,904 бұйрығына, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.05.2019 ж. №331 бұйрығына сәйкес, төлем қабылдау пункттерінде өткізу қабілетін арттыру, көлік құралдарының кептелісін болдырмау, көліктердің жедел жүруін қамтамасыз ету және уақытты үнемдеу мақсатында жол жүру ақысына дифференциалды тариф енгізілед», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.
«ҚазАтоЖол» ҰК» еске салғандай, енді жеңіл автомобильдер үшін жолақысын қолма-қол төлеу 2 есе қымбат болады.
«Жүк көлік құралдары үшін төлем мөлшері өзгеріссіз қалады», - делінген хабарда.

adimage