Қазақстанда туристік нысандардың жыл сайынғы толымдығы 25% аспайды

Астана. 29 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстанда туристік нысандардың жыл сайынғы толымдығы 25% аспайды, деп хабарлады Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігі ұсынған «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2021-2030 жылдарға арналған даму стратегиясында.
«Сонымен қатар туристік фирмалар ұсынатын қызметтер көлемінің артуына, орналастыру орындарының қызметтерінің көлемі мен санының көбеюіне қарамастан, олардың толымдылығы жылдан-жылға 25%-дан аспайды. Бұл сұраныстың жоқ екендігін және қонақүйлер мен пансионаттардың көлеңкелі айналымы орын алғандығын көрсетті, бұл осы саладағы жүйелік тәуекелдердің бірі болып табылады. Халық арасында отандық туристік өнімдерге деген сұраныстың төмен екенін осы саладағы бизнесті дамыту арқылы анықтауға болады. Айталық, бағалау деректері бойынша Қазақстандағы 500-ге жуық туроператордың ішінде тек 20% ғана ішкі туризммен айналысады», - делінген стратегияда.
Әзірлеушілердің пікірінше, жоғарыда келтірілген әлеуметтік және экономикалық факторлар көрсеткендей, қазақстандықтар үшін сыртқа шығу туризмі ішкіден қолайырақ, өйткені өзімізде қымбат, сервис төмен, инфрақұрылым әлсіз, кейбір медициналық тәжірибе түрлері дамымаған, мүлдем жоқ, кадрлардың біліктілігі жеткіліксіз.
«Айталық, статистикалық деректерге сәйкес, 2018 жылы шетке сапар шеккен 10,6 млн. қазақстандық туристердің ішінде 43% Ресей Федерациясында, 25,5% – Қырғызстанда, 3% – Түркияда, 2,1% - Қытай, 1,1% – БАӘ, 0,5%-дан – Мысыр, Германия, Тайландта, 0,3%-дан астамы – Оңтүстік Кореяда және Грузияда болған. Қазақстанда жыл сайын сыртқа шығу туризмі ішкі туризмнен 1,2-1,5 есе асып кетеді, мұндай тенденцияның экономика үшін жағымсыз салдарына капиталдың елден шығарылуы және төлем теңгеріміндегі теріс мәнді туристік сальдо жатады. Айталық, 2017 жылы туристік сальдо шамамен минус 425 млн. АҚШ доллар, 2018 жылы – минус 432 млн. АҚШ долларын құрады», - делінген құжатта.
Екінші жағынан, шетелдерге шығу туризмінің артуы қазақстандықтардың әл-ауқатының өсіп келе жатқандығын, шетелде іскерлік байланыстардың реттестірілгенін және бизнес географиясының кеңейгенін, шетелде білім алу мүмкіндіктерінің молайғанын көрсетті.
«Бұған қоса айта кететін жайт, көптеген сауалдардан түйгеніміз, егер, тиісті жағдайлар жасалған болса, қазақстандықтар өз демалыстарын Қазақстанда қуана өткізер еді», - деді әзірлеушілер.

adimage