Алматы. 22 қаңтар. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. Қазақстанда сатылып жатқан шәй мен көкөністердің жартысынан астамы жеңілдікпен сатылады, деп мәлімдеді Nielsen компаниясының коммерциялық директоры Мәдина Сейсенғалиева.
«Қазақстанда – «шәйлі» елде шәйдің жартысынан астамы – 57% және көкөністердің 57%-ы промо акциялар кезінде дүкендер мен супермаркеттерде жеңілдікпен сатылуда», - деді сәрсенбі күні Алматыда Kazakhstan Marketing Conference 2020-да сөйлеген Сейсенғалиева.
Сонымен қатар оның айтуынша, сүт өнімдерінің 37%-ы, кәмпиттердің (Pralines) 41%-ы, вискидің 42%-ы, чипсилердің үштен бір бөлігі мен минералды сулардың төрттен бір бөлігі жеңілдікпен сатылады.
«Промо акциялармен сатылатын тауарлар тобында – гигиена құралдары: шашқа арналған краскалардың 70%-ы, дезодоранттардың 64%-ы, душқа арналған гельдің 60%-ы және ауа сергітушінің 56%-ы бар», - деп келтірді Сейсенғалиева Nielsen сауалнамасындағы мәліметті.
Бұған дейін хабарлағандай, сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың үштен екісі ел экономикасы құлдырап тұр деп есептейді.
Қатысты сілтемелер
-
Сәрсенбі күні Қазақстанның барлық аумағында дауылды ескерту жарияланды24 Сәуiр 2024, 10:36
-
Екібастұзда тозығы жеткен магистралды құбыр өткізгіш жарылды24 Сәуiр 2024, 10:12
-
Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) басшылығында кадрлық өзгерістер жасады24 Сәуiр 2024, 10:02
-
Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел тұрады деп күтілуде24 Сәуiр 2024, 08:52