Қазақстанда полиция 300 нысанды карантинге қатысты қоршауға алды

Астана. 30 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстанда полиция 300 нысанды карантинге қатысты қоршауға алды, деп хабарлады ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.
«Облыстардың бас санитарлық дәрігерлерінің қаулысына сәйкес екі өңірде төрт блокбекет қойылды (Атырау облысында) және екі санитарлық бекет (Ақтөбе облысында) қойылды. Сонымен қатар полиция 299 карантиндік нысандарды қоршауға алды», - деді Тұрғымбаев сәрсенбідегі үкімет отырысында.
Ол нақтылағандай, медициналық мекемелердің сұранысы бойынша төтенше жағдай басталғалы науқастармен қарым-қатынаста болған 32 461 адамның тұрғылықты жерін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

adimage