Қазақстанда мемлекеттік қажеттілік үшін жерлерді қайтарып алуға бюджеттен Т181 млрд қажет

Астана. 19 сәуір. ҚазТАГ – Оксана Скибан. Қазақстанда мемлекеттік қажеттілік үшін жерлерді қайтарып алуға бюджеттен Т181 млрд қажет, деп мәлім етті ҚР ауыл шаруашылық министрі-вице-премьер Өмірзақ Шөкеев.
«Егер барынша жоғары қажеттілік жайында айтар болсақ, онда жайылымдық жерді мемлекеттік мұқтаждыққа қайтару үшін шамамен 180 млрд, ал ЖТҚ (жеке тұрғын үй құрылысы – ҚазТАГ) қажеттігін қамтамасыз ету үшін шамамен 1 млрд теңге керек болады. Бұл сомалар республикалық бюджеттік комиссияда қарастырылған және біз мұны бюджетте ескеруіміз қажеттігі туралы шешім қабылданған, бірақ ол мәслихаттармен бірге әкімдіктердің сұраныс қажеттілігі бойынша бөлінеді», - деді бейсенбіде сенаттың жалпы отырысында   Өмірзақ Шөкеев жер қатынастарын ретеу мәселелері жөніндегі түзетулерді талқылау барысында.
Бұл ретте ол атап өткендей, аталмыш заң жобасында  (жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы  заңы – ҚазТАГ)  елді мекендердің маңындағы жеке және заңды тұлғаларға беріліп кеткен жайылымдарды қайтару  мемлекеттік мұқтажға жатқызылатыны нақты айтылған», - деді ол
Вице-премьердің айтуынша, әкімдіктердің есептеулері мен ұсыныстарына сәйкес қосымша 27 млн гектар жайылым қажет. Ал жеке тұрғын үй құрылысына  шамамен 173 мың гектар жер қажет
«Бүгінде елді мекендердің маңында 20 млн гектар жайылым бар. Бұл біздің жеке ауламызда, егер ҰҚМ мен ІҚМ-ды алсақ, шамамен 50-60%-ы жеке шаруа қожалықтарында деп есептесек қана.  Ал жайылымның мұндай көлемі ұсақ малға 2, ірі қара малға 10, жылқыға 15 және түйеге 18 гектар жер қалыпты деп саналады. Осының бәрін ескере келе 27 млн га. деп есептелген. ЖТҚ үшін ауылды елді-мекендер жанында қажеттілік шамамен 173 мың га деп есептелген», - деді Ө. Шөкеев.

adimage