Қазақстанда коронавирустен тағы 26 адам қайтыс болды

Астана. 29 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстанда коронавирустен тағы 26 адам қайтыс болды, деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Қазақстанда 21-27 қыркүйек аралығында коронавирусты инфекциядан тағы 26 адам қайтыс болған. Нұр-Сұлтанда – екі, Алматыда – үш, Шымкентте – бір, Атырау облысында – төрт, Шығыс Қазақстан облысында – бес, Жамбыл облысында – екі, Батыс Қазақстан облысында – үш, Қарағанды облысында – екі, Қостанай облысында – екі, Маңғыстау облысында – бір, Солтүстік Қазақстан облысында – бір», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Хабарда нақтыланғандай, Қазақстанда барлығы 1725 адам өлімі тіркеліп отыр.

adimage