Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың 100-ден астамының жағдайы нашар

Астана. 13 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың 100-ден астамының жағдайы нашар, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Жалпы науқастардың арасында 423 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 106 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 99 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 23 281 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 100 өскіншек бала бар.
«Стационарларда 4 151 науқас жатыр. 19 130 адам амбулаториялық жағдайда емделуде», - деді денсаулық министрлігінен.

adimage