Қазақстанда коллекторларға борышкерлерге өтірік айтуға тыйым салынған – Ұлттық банк

Алматы. 19 қазан. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. Коллекторлық агенттіктердің борышкерге қарызы бойынша жалған ақпарат жолдауға құқықтары жоқ, деп хабарлады ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінеін.  
«Коллекторлар борышкердің талап етуі бойынша өз өкілеттіктерін растайтын құжаттарын көрсетеуі керек. Тиісті нормалар, қаржылық реттеушінің ақпарынша, 2017 жылдың маусымында қолданысқа енгізілген ҚР «Коллекторлық қызмет  туралы» заңында көрсетілген», - делінген жұмадағы ақпарда таратылған хабарда.  
2018 жылғы үшінші тоқсанда өтініштерді қарау қорытындысы бойынша 2   коллекторлық агенттікке - «Қайнар» коллекторлық агенттігі» ЖШС мен «КАВД» коллекторлық агенттігі» ЖШС-қа қатысты   жазбаша ескерту/ұйғарым түрінде шектеулі ықпал ету шаралары қолданылды.
2018 жылғы 15 қазандағы жағдай бойынша 122 коллекторлық агенттік   Ұлттық Банкте есептік тіркеуден өтті.
Еске салсақ, заңға сәйкес коллекторлық агенттіктердің мынадай жосықсыз іс-қимылдарына тыйым салынған: коллекторлық агенттік өзара іс-қимыл жасасатын адамның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді тарату не аталған адамдардың мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін мәліметтерді жария ету;    өзара іс-қимыл жасасатын адамды берешектің мөлшеріне, сипатына және туындау негіздеріне қатысты жаңылыстыру;  кредитордан және (немесе) оның өкілінен және (немесе) үшінші тұлғалардан алынған коммерциялық немесе ҚР заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны жария ету.  


adimage