Қазақстанда көктайғақ салдарынан бірқатар республикалық тас жолдарда жол жабылды немесе қозғалыс шектелді

Астана. 6 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстанда көктайғақ салдарынан бірқатар республикалық тасжолдарда жол жабылды немесе қозғалыс шектелді, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.
«5 желтоқсан күні сағат 19:00 бастап жауын-шашын және көктайғаққа байланысты республикалық маңызы бар А-1 «Нұр-Сұлтан-Петропавл» автомобиль жолының 304-341 шақырым (Көкшетау қаласынан СҚО шекарасына дейін) аралығы жабық», - деп хабарлады ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
Сағат 19.00 бастап Солтүстік Қазақстан облысында көктайғаққа байланысты Нұр-Сұлтан-Петропавловск республкиалық тасжолының ( 341-473 шақырым, Ақмола облысы шекарасынан Петропавл қаласына дейін) аралығы көліктің барлық түрінің қозғалысына уақытша жабылды.
«5 желтоқсан, сағат 12:40-тан бастап Қарағанды облысы аумағында да көктайғаққа байланысты «Алматы-Екатеринбург» тасжолының 1003-641 шақырым (Қарағанды-Балқаш қалалары аралығы) аралығында, «Қызылорда-Павлодар» автожолының 906-424 шақырым (Топар кентінен Жезқазған қаласына дейін) аралығында жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына тыйым салынды», - деді Нұрахметов.

adimage