Қазақстанда инвестиция өсімі ІЖӨ өсімінен асты - ҰЭМ

Күні: 15:02, 13-08-2019.

Астана. 13 тамыз. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. Қазақстанда инвестиция өсімі ІЖӨ өсімінен асты, деп мәлім етті ҚР ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.
«Инвестициялар 11,3% өсіп, ІЖӨ өсімінен асты», - деді Дәленов сейсенбідегі үкімет отырысында.
Оның айтуынша, негізгі капиталға салынған инвестициялар Шымкентте, Нұр-Сұлтан мен Маңғыстау облысында – теріс мәнге ие.
«Сонымен қатар, кейбір облыстарда жеті айдың қорытындысы бойынша инвестиция көлемі өскендер: Қызылорда облысында – 1,9 есе, Қарағандыда – 1,8 есе, ШҚО-да – 1,5 есе, Түркістан облысында – 1,4 есе», - деді министр.
Оның ақпарынша, экономикадағы өсім динамикасы негізгі капиталға салынған инвестицияның жеделдеуімен, өнеркәсіп, құрылыс және қызмет көрсету саласындағы өсімімен, ауыл шаруашылығы дамуының берік қарқынымен қамтамасыз етілген.
«Қаңтар-шілдеде өнеркәсіп бойынша артта қалған өңірлер арасында: Қызылорда, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары. Бұл өңірлерде – Қызылорда және Маңғыстау облыстарында мұнай өндірісі қысқарған, БҚО-да газ конденсатының өндірісі қысқарған Шымкентте өнеркәсіп 22,2%, Нұр-Сұлтанда – 17,5%, Қостанай облысында – 13,1% және ШҚО-да – 11,2% өскен», - деді Дәленов.
Ауыл шаруашылығы бойынша, министрдің ақпарынша, барлық өңірде өсім қамтамасыз етілген.


Жаңалықтармен бөлісу: