Қазақстанда ІІМ орынбасары және Ұлттық ұланның басшысы болып Аңсаған Балтабеков жаңадан тағайындалды

Астана. 18 қыркүйек. ҚазТАГ- Қазақстанда ІІМ орынбасары және Ұлттық ұланның басшысы болып Аңсаған Балтабеков жаңадан тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Мемлекет басшысының өкімімен Аңсаған Скендерұлы Балтабеков Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды",- делінген сәрсенбі күнгі хабарламада.

Фото көзі: Фото из открытых источников.


adimage