Қазақстанда ферроқорытпа өндірісі қаңтар-сәуірде 6,7%-ға артты

Күні: 10:36, 16-05-2019.

Астана. 16 мамыр. ҚазТАГ – Қазақстанда ферроқорытпа өндірісі қаңтар-сәуірде 706,8 тоннаны құрады, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,7%-ға көп, деп көрсетілген ҚР ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің ай сайынғы есебінде.
Статмәліметтерге сәйкес, 4 айда жайпақ прокат өндірісі 602 мың тонна (-40,7%), тазартылмаған қорғасын 1,5 млн тонна (-0,2%), өңделмеген алюминий - 528,7 мың тонна (-9,1%), мырыш – 108,2 мың тонна (-1,5%), тазартылған мыс – 149,5 мың тонна (+8,8%) құрады.
Темір кенін өндіру 4 айда 12,8 млн тоннаға (-4,6%) жетті.


Жаңалықтармен бөлісу: