Қазақстанда ферроқорытпа өндірісі қаңтар-қазанда 6,5%-ға артты

Астана. 14 қараша. ҚазТАГ – Қазақстанда ферроқорытпа өндірісі қаңтар-қазанда 1,84 млн тоннаны құрады, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,5%-ға көп, деп көрсетілген ҚР ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің ай сайынғы есебінде.
Статмәліметтерге сәйкес, 10 айда жайпақ прокат өндірісі 1,73 млн тонна (-27%), тазартылмаған қорғасын 106 мың тонна (-15,5%), мырыш – 263 мың тонна (-0,6%), тазартылған мыс – 394 мың тонна (+9,5%) құрады.
Темір кенін өндіру 10 айда 36,7 млн тоннаға (-3%) жетті.

adimage