Қазақстанда электр энергиясының өндірісі қаңтар-сәуірде 4,6% қысқарды

Күні: 10:18, 16-05-2019.

Астана. 16 мамыр. ҚазТАГ- Қазақстанда электр энергиясының өндірісі 2019 жылдың қаңтар-сәуірінде 36,4 млрд кВтч құрады, бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 4,6% төмен, деп көрсетілген ҚР ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің ай сайынғы есебінде.
Статақпарға сәйкес, ағымдағы жылдың 4 айында 40,4 млн Гкал жылу энергиясы өндірілген. Өндіріс былтырғы сәйкес кезеңмен сылыстырғанда 3,1% төмендеді.


Жаңалықтармен бөлісу: