Қазақстанда eGov-та шетелдіктерге ЖСН беру тоқтатылды

    Астана. 27 мамыр. ҚазТАГ-шетелдіктерге ЖСН беру Қазақстандағы eGov-та тоқтатылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы электрондық үкіметінің сайты.
   "Кешіріңіз, бұл қызмет қазіргі уақытта қол жетімді емес", - делінген egov.kz. сайтында.
Қызметтің қолжетімділігін қалпына келтірудің жоспарланған мерзімі-2022 жылдың 1 қазаны.
   Қызметтің тоқтатылу себебі сайтта көрсетілмеген. Барлық сұрақтар бойынша call-center 1414-ке хабарласуға болады.

adimage