Қазақстанда COVID-19 эпиджағдайына байланысты «қызыл» аймақтағы өңірлер саны артты

Астана. 20 қаңтар. ҚазТАГ – COVID-19 эпидемиологиялық жағдайы бойынша Қазақстанның тағы екі облысы «қызыл» және «сары» аймаққа өтті, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Сәрсенбі күні ұсынылған өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайларды бағалау матрицасына сәйкес қатаң шектеу шараларын енгізу қарастырылған «қызыл» аймаққа батыс Қазақстан облысы қосылды. Одан басқа бұл аймақта Нұр-Сұлтан, Павлодар, Ақмола, Қостанай, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстары бар.
Қолданыстағы карантин шараларын сақтау және олардың сақталуын бақылауды күшейту қарастырылған «сары» аймаққа Шығыс Қазақстан облысы кірді. Одан басқа бұл аймақта Алматы, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстары бар.
Алматы мен Шымкент және елдегі қалған барлық өңірлер жағдайы тұрақты, шектеу шаралары ары қарай жеңілдетілуі мүмкін «жасыл» аймақта.
Қазақстанның өзі болса «сары» аймақта қалып отыр.

adimage