Қазақстанда COVID-19 бен КВИ-пневмонияны 12-13 қаңтар аралығында 10 507 адам жұқтырған

Астана. 14 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстанда COVID-19 бен КВИ-пневмонияны 12-13 қаңтар аралығында 10 507 адам жұқтырды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.
«2020 жылдың 13 наурызы мен 2022 жылдың 13 қаңтары аралығында КВИ+: ауруға шалдығу – 1 024 004 (өткен тәулікте 10 418), адам өлімі – 13 062 (13 қаңтарда 9); 2020 жылдың 10 наурызы мен 2022 жылдың 13 қаңтары аралығында КВИ-: ауруға шалдығу – 84 563 (13 қаңтарда 89), адам өлімі – 5211 (131 қаңтарда 2 адам)», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Денсаулық сақтауминінің ақпарынша, Қазақстанда қазіргі таңда КВИ-ден 17 711 адам емделіп жатыр (15 616 – КВИ+ және 2095 КВИ-), оның ішінде стационарларда 2759 науқас жатыр, амбулаторлық деңгейде – 15 952 науқас жатыр.
«КВИ+ және КВИ- дертімен ауырып жатқандар арасында жағдайы ауыры – 236, өте ауыр халде жатқаны – 63, ӨЖЖ аппаратына қосылғаны (өкпені жасанды желдету аппаратына қосылғаны – ҚазТАГ) – 50», - делінген хабарда.
Қазақстанда ресми ақпар бойынша коронавирустен 957 267 адам жазылып шыққан.
Коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші құрамын денсаулықминінің ақпарынша, 8 944 701 адам алған, екінші құрамын – 8 455 436.

adimage