Астана. 20 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстанда 2021 жылғы Ұлттық біріңғай тестілеу басталды, деп хабарлады білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Бүгін еліміздің барлық өңірінде Ұлттық бірыңғай тестілеу басталып, ақпанның 5-іне дейін жалғасады. Республика бойынша барлығы 143 тестілеу өткізу пунктінде 1 230 аудитория жұмыс істейді», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Қаңтар айындағы ҰБТ коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның келісімімен өтіп, карантинге байланысты түлектер тестілеуді 15 лек бойынша тапсырады.
ҰБТ-ны 120 мыңнан астам адам тапсырады деп жоспарланып отыр. Олар – 11 (12) сынып оқушылары, өткен жылы ҰБТ нәтижелері жойылған талапкерлер және шығармашылық білім беру бағдарламалары бойынша басқасына ауысқысы келетін студенттер қатысады.
«Коронавирустық инфекцияның таралу қаупін азайту мақсатында ҰБТ өткізу кезінде санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен әлеуметтік арақашықтық қатаң сақталатын болады. Тестілеу барысында қатысушылар арасында кемінде 2 метр қашықтық қамтамасыз етіліп, аудиториялардағы адамдардың саны 50%-ға қысқартылды», - деп хабарлады БҒМ
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстандағы су тасқыны – ТЖМ мәліметі27 Наурыз 2024, 14:35
-
Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!7 Наурыз 2024, 13:16
-
Қазақстан мұсылмандары Рамазан айы мен ауыз бекітуге дайындалуда22 Ақпан 2024, 13:58