Қазақстанда бір тәуілкте COVID-19 және КВИ белгісі бар пневмониямен ауырғандар саны 374 адамға өсті

Күні: 13:11, 30-09-2020.

Астана. 30 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстанда бір тәулікте COVID-19 (КВИ+) және КВИ белгісі бар пневмониямен (КВИ-) ауырғандар саны 374 адамға өсті, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.
«13 наурыздан 30 қыркүйек аралығында КВИ+: ауырғандар – 107 908 (өткен тәулікте 75), адам өлімі – 1731 (өткен тәулікте үшеу); 1 тамыздан бастап 30 қыркүйек аралығында КВИ-: ауырғандар – 32 799 (өткен тәулікте 299), адам өлімі – 353 (өткен тәулікте екеу)», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Қазіргі таңда денсаулық сақтау министрлігінің ақпарынша, КВИ-ден 3303 адам емделуді жалғастыруда, олардың 56-сы бала.
«Стационарларда 1881 науқас жатыр, амбулаторлық деңгейде – 1422. 90 науқастың жағдайы ауыр, 14-і өте нашар, 21-і ӨЖЖ аппаратына қосылған», - деді ведомстводан.
COVID-19 дертінен, ресми ақпар бойынша, 102 874 адам жазылып шыққан.


Жаңалықтармен бөлісу: