Қазақстанда бензин өндірісі қаңтар-сәуірде 10%-ға өсті

Күні: 10:05, 16-05-2019.

Астана. 16 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстанда бензин шығару 2019 жылы қаңтар-нсәуірде 1,2 млн тоннаны құрады, бұл 2018 жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 10%-ға көп, деп көрсетілген ҚР ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің ай сайынғы есебінде.
Статмәліметтерге сәйкес, 2019 жылдың 4 айында газойл өндірісі – 1,6 млн тоннаны (+11,8%), мазут – 1,2 млн тоннаны (+6,3%) құраған.


Жаңалықтармен бөлісу: