Қазақстанда бензин өндірісі қаңтар-қазанда 12,8%-ға өсті

Астана. 14 қараша. ҚазТАГ – Қазақстанда бензин шығару 2019 жылы қаңтар-қазанда 3,6 млн тоннаны құрады, бұл 2018 жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 12,8%-ға көп, деп көрсетілген ҚР ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің ай сайынғы есебінде.
Статмәліметтерге сәйкес, 2019 жылдың 10 айында газойл өндірісі – 4,3 млн тоннаны (+9,2%), мазут – 2,4 млн тоннаны (+0,4%) құраған.

adimage