Астана. 17 шілде. ҚазТАГ – Қазақстанда дактилоскопиялық және геномдық тіркеу ережесі әзірленді - құжатқа сәйкес, балалардың саусақ іздерін жинау жоспарлануда, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидалары бекітілсін», - делінген ішкі істер министрлігінің бұйрық жобасында.
1. Құжатқа сәйкес, Ішкі істер органдары:
1) өздерінің келісімімен Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін және (немесе) паспортын алғаш алу үшін, сондай-ақ оларды қалпына келтіру не ауыстыру үшін жүгінген Қазақстан Республикасы азаматтарының;
2) Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алу үшін осы Қағидалардың 10-тармағында белгіленген тәртіппен жүгінген кезде он екі жастан он алты жасқа дейінгі балалардың;
3) мыналардың:
Қазақстан Республикасында уақытша немесе тұрақты тұруға рұқсат алу үшін жүгінген;
мыналарды:
шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын;
азаматтығы жоқ адамның куәлігін;
босқын куәлігін;
жол жүру құжатын алғаш ресімдеген, сондай-ақ қалпына келтірген, ауыстырған жағдайларда он алты жасқа толған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық ақпаратын жинауды жүзеге асырады.
«Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және немесе басқа да салдар туындатпайды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікке жағымсыз ықпал етпейді», - делінген түсіндірме жазбада.
Қатысты сілтемелер
-
Петропавлда балабақша құрлысына Т1,7 млрд жұмсамақ
13 Қаңтар 2025, 16:42 -
Шымкентте өрт болған жерден зорлық-зомбылық белгілері бар әйелдің мәйіті табылды
13 Қаңтар 2025, 16:06 -
Павлодар облысында жолдағы ақаулар үшін бес лауазымды тұлғаға айыппұл салынды
13 Қаңтар 2025, 15:48 -
Солтүстік Арал теңіздегі су көлемі 42%-ға ұлғайды
13 Қаңтар 2025, 15:25