Қазақстанда қазан айының соңына дейін телерадио хабар тарату мен байланыс сапасы нашарлауы мүмкін

    Астана.3 қазан.ҚазТАГ- Қазақстанда қазан айының соңына дейін телерадио хабар тарату мен байланыс сапасы нашарлауы мүмкін, деп хабарлайды "Қазтелерадио"АҚ баспасөз қызметі.
"Қазтелерадио" АҚ-ның мәліметінше 8-16 қазан аралығында байланыс сапасының нашарлауы күтілуде.
    "Қазтелерадио" АҚ 2023 жылдың 8 қазаны мен 16 қазаны аралығында күзгі күн кедергісі кезеңінің өтуінен байланыс, хабар тарату арналарының сапасының ықтимал нашарлауы туындайтынын жеткізеді", – делінген хабарламада.
   Күн кедергісін KazSat сериялы ғарыш аппараттарындағы антенналарға арналған есептеу бағдарламасынан бақылауға болады.

adimage