Қазақстанда аяздың орнына анамольды жылы ауа райы болады деп күтілуде

Астана. 17 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстанда аяздың орнына анамольды жылы ауа райы болады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атлантикадан келетін ауа массаларының сақталуы Қазақстанда алдағы күндері де аномальды жылы ауа райының сақталуына ықпал етеді. Ауа температурасы солтүстік жартышарда климаттық нормадан 5-10 Цельсий градус жоғары, ал оңтүстігінде – одан 2-4 Цельсий градус жоғары», - делінген 18-20 қаңтарға арналған жұмада таратылған ауа райы болжамында.
Хабарда атап өтілгендей, республика арқылы өтіп жатқан атмосфералық фронттар солтүстік және шығыс облыстарда бұрқасын тұрып, қардың жаууына, ал оңтүстік облыстарда жылымық қардың түсуіне ықпал етеді.
«Ал күндізгі ауа температурасы 0-8, оңтүстігінде +3+5 көлемінде болады деп күтіліп отырғандықтан, Қазақстанның басым бөлігінде көктайғақ және тұман сақталады, көріну мүмкіндігі 500 м төмен», - деп ескертті синоптиктер.

adimage