Қазақстанда арнайы ХҚКО жұмысы тағы уақытша тоқтатылды

Астана. 17 сәуір. ҚазТАГ - Қазақстанда арнайы ХҚКО жұмысы тағы уақытша тоқтатылды, деп хабарлады ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің баспасөз қызметінен.
«Техникалық ақауларға байланысты мамандандырылған ХҚКО-да және әкімшілік полицияның тіркеу-емтихан қабылдау бөлімшелерінде көлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру мемлекеттік қызметі ақаулар жойылғанға дейін уақытша тоқтатылған. Келтірілген келеңсіздіктер үшін кешірім сұраймыз», - делінген сәрсенбіде әлеуметтік желіде таратылған хабарда.
Еске салсақ, арнайы ХҚКО жұмыстарының уақытша тоқтатылуына себеп болған техникалық ақау 13 наурызда да орын алған еді. Ол кезде ақауды жоюға тәулік кеткен еді.

adimage