Қазақстанда алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы ұсынылды, СҚО-да дауылды ескерту жарияланды

Астана. 8 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстан синоптиктері алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Еліміздің солтүстігінде жаңбырдың қарға ауысуын және күшті екпінді желдің соғуын тудырған Атлантикалық циклон, ертең 9 сәуірде республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбырдың сулы қарға ауысуын) әкеледі. Ал циклон артынан Мәскеу аудандарынан суық антициклон ығысады, ол жауын-шашынның тоқтауына және ауа температурасының төмендеуіне әкеледі», - делінген сәрсенбіде таратылған 9-11 сәуірге арналған ауа райы болжамында.
Сонымен қатар синоптиктер Солтүстік Қазақстан облысында дауылды ескерту жариялады.
«9-10 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Петропавлда 9 сәуірде тәулік бойы, 10 сәуірде күндіз оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел тұрады. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - деп ескертті «Қазгидрометтен».

adimage