Қазақстанда алдағы үш күнде күн жылынады

Күні: 16:42, 21-04-2021.

Астана. 21 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстанда алдағы үш күнде күн жылынады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Алдағы күндері антициклонның әсері еліміздің басым бөлігінде сақталады, сондықтан ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Сонымен қатар, биіктік жотасы республика аумағы арқылы батыстан шығысқа қарай жылжып, ауа температурасының көтерілуіне ықпал етеді. Тек еліміздің батысы мен оңтүстік-шығысында, атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуімен тұрақсыз ауа райы болжанады. Кей жерлерде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, кейде найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Хабарда нақтыланғандай, республиканың жекелеген өңірлеріне тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады.


Жаңалықтармен бөлісу: