Қазақстанда алдағы президент сайлауына шетелдік БАҚ-ты аккредиттеу басталды

Астана. 18 сәуір. ҚазТАГ - Қазақстанда алдағы президент сайлауына шетелдік БАҚ-ты аккредиттеу басталды, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
«Қазақстанда алдағы президент сайлауы туралы хабар таратқысы келетін журналистер үшін БАҚ-ты аккредиттеу басталды. Қазақстан президентінің сайлауы 2019 жылдың 9 маусымында өтеді», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясында атап өтілгендей, шетелдік журналистер ҚР сыртқы істер министрлігі берген тұрақты және уақытша аккредиттеу куәлігін алғанда ғана сайлауды бақылай алады.
«Шетелдік БАҚ өкілдері аккредиттеу туралы куәліктірен көрсеткен жағдайда бір аудармашыны қастарына ерте алады», - деді ҚР СІМ.
Сондай-ақ, ведомствода хабарлағандай, шетелдік журналистердің аккредиттеуге өтінім беру процесі 2019 жылдың 3 маусымы күні – сайлау басталуына 5 күн қалғанда тоқтатылады.
«Аккредиттеуге қажет құжаттар: аталмыш журналистті аккредиттеу туралы бас редактордың өтініш хаты; қолданыстағы төлқұжат көшірмесі, толтырылған аккредиттеу формасы, 3х4 см электронды суреті; қысқа өмірбаяны», - делінген хабарда.
Бұған дейін хабарланғандай, сайлауды бақылау үшін шетелдік БАҚ-ты Қазақстанның СІМ аккредиттейді.
Еске салсақ, 19 наурызда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшысы лауазымындағы өз өкілеттігін 2019 жылдың 20 наурызынан бастап тоқтататыны туралы жарлыққа қол қойған еді. Келесі президент сайлауына дейін елді уақытша сенаттың экс-спикері Тоқаев басқарады.
9 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жариялады, ол үндеуде 2019 жылдың 9 маусымында кезектен тыс президент сайлауы өтетін мәлімдеді. Мемлекет басшысының тиісті жарлығына қол да қойылды.

adimage