Астана. 19 қазан. ҚазТАГ – Қазақстанда 20 қазаннан бастап карантин жеңілдетіледі, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«2021 жылғы 20 қазаннан бастап мынадай шараларға рұқсат беру туралы шешім қабылданды: Келушілер COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжатты немесе ПТР анықтамасын ұсынған кезде қарттар мен мүгедектер үйі, балалар үйі сияқты медициналық-әлеуметтік объектілердің пациенттеріне баруға рұқсат беріледі», - деді денсаулық сақтау министрі Алексей Цой сейсенбідегі үкімет отырысында.
Сондай-ақ, ол түнгі клубтардың қызметі тек «жасыл» мәртебесі бар адамдарға арналатынын ескертті. «Олардың толымдылығы 50%-ға дейін, бірақ
- «жасыл аймақта» 100 адамнан артық емес,
- «сары аймақта» 70 адамнан артық емес,
- «қызыл аймақта» 50 адамнан артық емес болуы шарт.
«Ashyq жобасына қатысатын бизнес объектілерінің жұмыс уақыты «жасыл аймақта» сағат 03-00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары - сағат 05-00-ге дейін, «сары аймақта» сағат 01-00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары - сағат 03-00-ге дейін ұзартылады», - деді министр.
Қатысты сілтемелер
-
Алматыда бизнес орталықта өрт шықты29 Наурыз 2024, 12:14
-
Көкшетауда Қылшақты өзені арнасынан шығып, 100 ден аса адам эвакуацияланды29 Наурыз 2024, 12:02
-
Алматының тау бөктерінде заңсыз салынған 5 нысан бұзылды29 Наурыз 2024, 11:07
-
Билік елге шетелден білікті мамандарды тарту үшін қандай жұмыс атқаруда29 Наурыз 2024, 10:26