Қазақстан ТМД елдеріндегі ең үздік тау-шаңғы курорттарының ондығын бастап тұр

Алматы. 20 қаңтар. ҚазТАГ - Қазақстан ТМД елдеріндегі 2020 жылғы қаңтар және ақпанда демалатын және саяхаттайтын ең үздік тау-шаңғы курорттарының ондығын бастап тұр, деп хабарлады «ТурСтат» туристік порталынан.
«Тау шыңғысымен және сноубордпен сырғанау үшін ТМД-дағы ең үздік курорттар Қазақстанда, Беларусияда, Әзірбайжанда, Армения мен Қырғызстанда орналасқан. (…) Рейтинг ТМД қысқы курорттарында демалу ұсыныстары мен турларды талдау нәтижесі бойынша жасалған», - делінген дұйсенбідегі хабарда.
Туристер арасында ТМД-да тау-шаңғы демалысы үшін танымал орындар ондығына мыналар кірген: Қазақстандағы Шымбұлақ, Алтай Альпі мен Нұртау, Беларусиядағы Логойск пен Силичи, Әзірбайжандағы Шахдаг пен Туфандаг, Армениядағы Цахкадзор, Қырғызстандағы Қаракөл мен Өзбекстандағы Чимган.
Дүниежүзілік қар күні (World Snow Day) 2012 жылдан бері Халықаралық шаңғы спорты федерациясының (FIS) бастамасы бойынша қаңтардың соңғы жексенбісінде Қысқы спорт түрлері күні ретінде аталып өтеді.
2020 жылы ТМД елдерінің таулы курорттарында Дүниежүзілік қар күні 19 қаңтарда аталып өтті.

adimage