Қазақстан құс тұмауы салдарынан Украинадан құс етінің әкелінуіне шектеу салды

Астана. 17 ақпан. ҚазТАГ - Қазақстан құс тұмауы салдарынан Украинадан құс етінің әкелінуіне шектеу салды, деп хабарлады ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің (АШМ) баспасөз қызметінен.
«Қазақстан «құс тұмауына» байланысты Украинаның Винница облысынан құс және құс өнімдерін алып келуге тыйым салды. (…) Уақытша шектеуді 2020 жылғы 27 қаңтарда Халықаралық Эпизоотиялық бюросының Украинаның Винница облысында құс тұмауының жоғары патогенді вирусын тіркеуінің негізінде енгізді», - делінген дүйсенбідегі ҚР АШМ ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетіне сілтеме жасалған хабарда.
Сондай-ақ, ведомствода нақтылағандай, «Украина Республикасының Винницк облысы аумағы арқылы жылулық өңдеуден өтпеген (кемінде 70°С) тірі құстың, инкубациялық жұмыртқаның, мамықтың және қауырсынның, құс етінің және құс шаруашылығы өнімдерінің барлық түрлерінің транзитіне уақытша шектеу қойды. Сонымен қатар, құстарды күтіп-ұстауға, союға және бөлшектеуге арналған бұрын қолданыста болған жабдықтарды пайдалануға тыйым салынды».
«Аталмыш шара Қазақстан аумағын құстардың қауіпті ауруларының таралуынан қорғауға ықпал етеді», - деп атап өтті Қазақстан құс өсірушілер одағының президенті Руслан Шәріпов.
Бұл ретте ҚР АШМ айта кеткендей, «Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы да құс тұмауының шығуына байланысты уақытша шектеулер енгізді».

adimage