Қазақстан президенті әкімшілігі басшысының орынбасары тағайындалды

Астана. 25 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстан президенті әкімшілігі басшысының орынбасары тағайындалды, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.
«Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымына тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі лауазымынан босатылсын», - делінген президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бейсенбідегі жарлығында.
Нұртілеуов 2019 жылдың наурызынан бастап Тоқаевтың көмекшісі болған еді, оған дейін 2016 жылдың наурызынан бастап Қазақстанның Финляндиядағы елшісі, 2017 жылдың ақпанында қоса атқару бойынша Эстониядағы елшісі болды. Оның алдында 2014-2016 жылдары президент әкімшілігінде Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған.

adimage