Қазақстан минкабинеті 37 ірі ЖОО-ны жекешелендіруге тыйым салу туралы құжат әзірлеуде

Күні: 13:15, 18-01-2021.

Астана. 18 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстан үкіметі 37 ірі ЖОО-ны жекешелендіруге тыйым салу туралы құжат әзірлеуде, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Үкімет қаулысының жобасында келесілер қамтылған:
«Иеліктен шығаруға жатпайтын, мемлекеттік меншіктегі және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің меншігіндегі объектілердің, оның ішінде стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 927 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
Иеліктен шығаруға жатпайтын, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің меншігіндегі объектілердің, оның ішінде стратегиялық объектілердің тізбесінде:
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Мыналардың:
«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi» коммерциялық емес акционерлік қоғамының;
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының;
«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетi» коммерциялық емес акционерлік қоғамының;
«Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының;
«Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының;
«Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетi» коммерциялық емес акционерлік қоғамының;
«Атырау мұнай және газ институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамының;
«Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының;
«Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамының;
«Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетi» коммерциялық емес акционерлік қоғамының;
«Д. Серiкбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетi» коммерциялық емес акционерлік қоғамының;
«І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының;
«Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының;
«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетi» коммерциялық емес акционерлік қоғамының;
«Қарағанды техникалық университетi» коммерциялық емес акционерлік қоғамының;
«Қарағанды индустриялық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының;
«Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының;
«Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi» коммерциялық емес акционерлік қоғамының;
«А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының;
«Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының;
«Павлодар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының;
«Рудный индустриялық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамының;
«Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының;
«М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының;
«Торайғыров университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының;
«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының;
«М. Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан университетi» коммерциялық емес акционерлік қоғамының;
«Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетi» коммерциялық емес акционерлік қоғамының
«Астананың жаңа университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының;
«Қарағанды медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының;
«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының;
«Семей медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының;
«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының;
«Оңтүстiк Қазақстан медициналық академиясы» акционерлік қоғамының;
«Қазақ ұлттық аграрлық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының;
«С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының;
«Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының акцияларының бақылау пакеті».
Әзірлеушілердің айтуынша, құжатты ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың 22.10.2020 жылы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында ұлттық және мемлекеттік жоғары оқу орындарын сатуға тыйым салуға қатысты берген тапсырмасын іске асыру мақсатында қабылдау қажет.
«Көптеген жоғары оқу орындары коммерциялық емес акционерлік қоғамдарға айналды. Бұл қоғамда ірі мемлекеттік университеттерді кейіннен жеке меншікке сату туралы түрлі ойлар мен қорқыныш тудырады. Осыған байланысты, ұлттық және мемлекеттік жоғары оқу орындары сатылмайды», - деп келтірген минкабинеті қаулысының жобасын әзірлеуші Тоқаевтың сөздерін.


Жаңалықтармен бөлісу: