Қазақстан мен Қытай шекарасында магнитудасы 4,1 балдық жер сілкінісі тіркелді

Алматы. 21 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстан мен Қытай шекарасында магнитудасы 4,1 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлады қазақстандық сейсмологтар.
«2020 жылғы 21 қаңтарда «ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық станциялар желісімен Алматы уақыты 12 сағат 31 минут 36 секундта (Гринвич уақытымен 21 қаңтар 06 сағат 31 минут 36 секунд) жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің ошағы Алматының солтүстік-шығысынан 305 шақырымда Қытай мен Қазақстан шекарасында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9. Магнитудасы mpv 4,1», делінген сейсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда нақтыланғандай, жер сілкінісінің координаттары 42.86° с.е. 80.62° ш.б., тереңдігі 25 км.
Сезілгендігі туралы мәлімет (МSК-64 шкаласы бойынша): жоқ.
Еске салсақ, соңғы төрт тәулікте үш жер сілкінісі болды: біріншісі 17 қаңтарда Қытай аумағында магнитудасы 5,7 (Алматыда екі балдық жер сілкінісі сезілді), екіншісі 19 қаңтарда – Қытай аумағында магнитудасы 4 балл (сезілгендігі туралы мәлімет жоқ), үшіншісі 20 қаңтарда – Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 442 км қашықтықта Қазақстан аумағында магнитудасы 3,8, оның эпицентрі Алматы облысы Алакөл ауданында 10 км тереңдікте орналасқан.

adimage