Қазақстан мен Украина Ұлттық банктері бас ұйымдардың қызметін қадағалау саласында ынтымақтастық жасайды

Алматы. 18 қазан. ҚазТАГ - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және Украина Ұлттық банкі банктік қадағалауға қатысты мәселелерде ынтымақтастық жасауға уағдаласты, делінген ҚР Ұлттық банк сайтындағы хабарда.  
«Атап айтқанда, құжатта екі мемлекеттің ұлттық заңнамаларының талаптарын сақтай отырып бас ұйымдардың және олардың трансшекаралық құрылымдарының қызметін қадағалау саласындағы ынтымақтастық көзделеді. Сонымен қатар нарықтың жай-күйі, банктік қадағалау саласына қатысты нормалар мен талаптардағы өзгерістер, бас ұйымдар мен олардың трансшекаралық құрылымдарын лицензиялау және қадағалау туралы ақпарат алмасу туралы мәселелер қамтылған», - делінген хабарда.
«Шартта сондай-ақ кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы ақпарат алмасу көзделеді. Осыған байланысты екі елдің қадағалау органдары қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың анықталған схемаларын зерделеу мен талдау бойынша бірлескен іс-шараларды өткізу туралы, сондай-ақ схемалармен және күмәнді операциялармен күрес мәселелерінде келісілген іс-қимыл туралы уағдаласты», - делінген хабарда.
Екі орталық банк арасындағы тиісті Шартқа 2018 жылғы 12 қазанда Халықаралық валюта қорының және Дүниежүзілік банктің Жыл сайынғы жиналысы кезінде қол қойылды.

adimage