Қазақстан ішкі және шетелдік төреліктердегі мемлекеттің мүдделерін қорғауға Т42,6 млрд жұмсауды жоспарлап отыр

Астана. 29 мамыр. ҚазТАГ – Қазақстан ішкі және шетелдік төреліктердегі мемлекеттің мүдделерін қорғауға бес жылда Т42,6 млрд жұмсауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.
«Бюджеттiк бағдарламаның шығыстары, толық («Төреліктерде, шетелдік төреліктерде, шетелдік мемлекеттік және сот органдарында, сондай-ақ төрелікке дейінгі және сотқа дейінгі дауларды реттеу процесінде мемлекеттің мүдделерін қорғау және білдіру, Қазақстан Республикасы үкіметінің қатысуымен шетелде өткізілетін сот немесе төрелік талқылаулардың перспективаларын бағалау», мың теңге – ҚазТАГ): 2023 жыл - 6 599 064; 2024 жыл - 8 367 390; 2025 жыл - 9 236 474; 2026 жыл - 9 226 635; 2027 жыл - 9 184 699», - деп бюджет жобасында айтылған.
Жалпы сома – Т42 614 262 000.
Мақсаты – мемлекет мүдделерін білдіру және қорғау.
«Міндеттер: Мемлекеттің мүдделерін білдіру және қорғау бойынша іс-шараларды жүзеге асыру бойынша мерзімге сәйкес іс-шараларды іске асыруды қамтамасыз ету 2025 жылы – 100%, 2026 жылы – 100%, 2027 жылы – 100%», - деп жоба міндеттерінде жазылған.

Фото көзі: pixabay.com


adimage