Қазақстан да экзотикалық жануарлардың халықаралық контрабандасына енуде – сарапшы

Күні: 17:23, 09-10-2019.

Алматы. 9 қазан. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Қазақстан да экзотикалық жануарлардың халықаралық контрабандасына енуде, деп мәлім етті ҚР биоәртүрлілік бойынша БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) сарапшысы Константин Плахов.
«Бүгінде біз жабайы жануарлардың халықаралық ұйымдасқан қылмыстық контрабандасымен кез болып отырмыз. Бізде барлық деңгейде күзет жоқ, контрабандашылар кедергісіз шекарадан өтуде. Қазақстанды да экзотикалық жануарлардың халықаралық контрабандасына тартуда. Биыл Қазақстаннан Ресейге 36 маймылды алып өтпек болғандар ұсталды», - деді Плахов сәрсенбідегі баспасөз мәслихатында.
Бұл ретте ол атап өткендей, бүгінде киік мүйіздері, сирек кездесетін өсімдіктер мен басқа да көптеген дүниелер еш кедергісіз шығарылып жатса керек.
Сарапшының пікірінше, оған себеп – сирек кездесетін түрлердің заңнамалық деңгейде жеткілікті түрде қорғалмауы.
«Біз үнемі сөз етіп отырған экологиялық проблемалар егер біз оларды байқауды қоятын болсақ, ешқайда жоғалмайды. Браконьерлік проблемасы заңнамалық деңгейде тұр, біздің заңдар өте жеңіл, браконьерлер үшін өте жеңіл, бізде табиғатты қорғайтын полиция жоқ, бізде оларды табиғатты қорғауға дайындамайды», - деп атап өтті Плахов.
Сондай-ақ, ол меморганның экология саласындағы мамандармен жеткілікті деңгейде әріптестікте емес екендерін атап өтті.


Жаңалықтармен бөлісу: