Қазақстан қай елден COVID-19 қарсы екпесін сатып алатынын әзір білмейді – денсаулықмині

Астана. 7 тамыз. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. ҚР денсаулық сақтау министрлігінің коронавирусқа қарсы екпені қай елден сатып алатыны әзірге белгісіз, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов.
«Қазақстанның вакцинаны (коронавирусқа қарсы – ҚазТАГ) Қытайдан, Ресейден немесе қандай да бір басқа елден сатып алатыны туралы ақпарат расталмаған. Ол екпе шығарылған елден сатып алады, және ол қазіргі заманғы және егжей-тегжейлі халықаралық сертификаттаудан өтеді», - деді Қожахметов жұмадағы брифингте.
Оның айтуынша, әлі коронавирустен екпе шығарылмаған.
«Жер шарының ең үздік ғалымдары (COVID-19 екпесін әзірлеумен – ҚазТАГ) айналысып жатыр, және қазір алға шыққандары үшінші сатыда тұр, енді төртінші сатысы қалды», - деп атап өтті Қожахметов.

adimage