Қазақстан қаржыгерлері алдағы айға доллар бағамы бойынша өз болжамдарын

Күні: 16:59, 12-06-2019.

Астана. 12 маусым. ҚазТАГ – Қазақстан қаржыгерлері алдағы айға доллар бағамы бойынша өз болжамдарын айтты, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Сауалнаманың алдында байқалған теңге бағамының теріс динамикасына қарамастан, қаржы нарығының кәсіби қатысушылары бұрынғыша теңге бағамы бір ай бойына ағымдағыға жақын деңгейде сақталады деп отыр. Сонымен USD/KZT жұбында орташа бағам бір айдан кейін Т385,2/$1 деңгейінде болады, ал күтулер медианасы – Т385/$1», - деп мәлімдеді сәрсенбіде Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығынан (ҚҚҚ).
Хабарда атап өтілгендей, сауалнама өткізу кезінде (4-10 маусым) KASE-дегі АҚШ долларының бағамы Т383-384,5/$1 аралығында құбылып тұрған.


Жаңалықтармен бөлісу: