Қазақстан 700 мың тоннадан астам көкөніс экспорттауды жоспарлап отыр-Сұлтанов

Астана. 22 маусым. ҚазТАГ-Адель Рүстемова. Қазақстан 700 мың тоннадан астам көкөністі экспорттауды жоспарлап отыр, деп хабарлады сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов.
"Ішкі нарықтың тұрақтылығын және экспорттың болжамды көлемін қамтамасыз ету үшін біз Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Иран және Ресей сияқты көрші елдермен маусымаралық және егін жинау кезеңінде картоп, пияз, сәбіз және қырыққабатты өзара жеткізу бойынша форвардтық шарттар жасасуды жоспарлап отырмыз. Жаппай егін жинау кезеңінде көрші елдерге шамамен 765 мың тонна көкөніс жеткізе аламыз. Бұл ретте біздің нарық 280 мың тонна импорттық ерте көкөністермен уақтылы қамтамасыз етілетін болады", – деп атап өтті
"Тұтастай алғанда, шикізаттық емес экспорттың ұлғаюына министрлік жүргізіп отырған проактивті экспорттық саясат ықпал етеді. Біз экспорттың $13,5 млрд – қа ұлғаю болжамымен өнімнің 16 басым түрін айқындадық", - деп түйіндеді сауда министрлігінің басшысы Б. Сұлтанов.
Оның айтуынша, нәтижесінде осы өнімдерге баға ауытқуының күтілетін динамикасы 7-10% дәлізінде болады.

adimage