Астана.27 қыркүйек.ҚазТАГ- Қазақстанның басым өңірінде алдағы үш күні жаңбыр жауады, найзағай мен екпінді жел күтіледі, деп хабарлайды «Казгидромет» РМК баспасөз қызметі.
«Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауады, найзағай мен екпінді жел күтіледі. Тек Қазақстанның батысында солтүстік-батысы антициклонының әсерінен жауын-шашынсыз ауа-райы әлі де сақталады»,- делінген сәрсенбі күнгі хабарламада.
Түнде және таңертең Қазақстанның солтүстік жартысында, республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда тұман күтіледі. Еліміздің шығысында 28-29 қыркүйекте түнгі уақытта 1-3 градусқа дейін үсік сақталады.
Температуралық фонда елеулі өзгерістер күтілмейді, тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа температурасының күндіз 17-23 жылыға дейін, таулы аудандарда 8-13 жылыға дейін біртіндеп төмендеуі күтіледі.
Қазақстанның басым өңірінде алдағы үш күні жаңбыр жауады, найзағай мен екпінді жел күтіледі
